Атырауда анасы мен қызын қағып өлтірген жүргізушіге қатысты іс қозғалды
Атырауда анасы мен қызын қағып өлтіріп, тағы бір баланың ауруханаға түсуіне себепкер болған көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал жол апатынан тірі қалған 4 жасар бүлдіршіннің жағдайы әлі де ауыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
25.09.2018
Сергей Хван, Атырау облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Бала бас, кеуде жарақатын алған және сол жақ бел омыртқасы сынған. Оны толық қарадық. Қажетті ем-домын қабылдап жатыр. Жағдайы жақсарғанша жан сақтау бөлімінде болады. Одан кейін травматология бөліміне ауыстырамыз.
Қайғылы оқиға сенбі күні қала шетіндегі Құрсай ауылында болды. Куәгерлердің айтуынша, өте қатты жылдамдықпен келе жатқан «Королла» жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған 37 жастағы келіншек пен оның 3 жасар қызын басып кеткен. Ана мен бала сол жерде жан тапсырып, тағы бір бүлдіршін ауруханаға түскен болатын. Тәртіп сақшылары күдіктінің қазір қайда екені туралы жақ ашпай отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!