{metadescription}
Солтүстікте оқушылар жібі түзу жол талап етті
Солтүстікте оқушылар жібі түзу жол талап етті

Солтүстікте оқушылар жібі түзу жол талап етті

Мектепке барар жол жоқ! Солтүстік Қазақстан облысындағы Уголки стациясында оқушылар жол азабын тартып жүр.Толарсақтан саз кешіп, 4-5 шақырым жүріп өтетін балаларын ата аналары осы жолы сабаққа мүлдем жібермей қойды. Себебі, ауылға көлік кіре алмайды. Келген күнде де оған мініп кету үшін темір жолды кесіп өту керек. Ал құзырлы орын өкілдері келесі аптада жол жөнделеді деп уәдені үйіп-төгуде.

Уголкидың тұрғыны Марат Қахановтың 5 баласы да интернатта оқиды. Дәл осы уақытта олар мектеп партасында отыруы керек еді. Алайда олар жаңбыр немесе қар жауса, сабаққа бара алмайтынын біледі.

Осы жолы да соңғы екі күн бойы жауған жауыннан жол езіліп кетіп, балаларды тасымалдайтын көлік ауылға келмей қалған. Келген күнде де олар теміржолдан өтіп, жаяулап жетуі қажет.

Марат Қаханов, көпбалалы әке:

-Енді олай балаларды жаяу жетектеп апармаймын! Жолды жөндемейінше, мектепке мүлдем жібермеймін. Өздеріңіз қараңыздаршы, 20 бала мен 20 ересек адам теміржол бойымен жүреміз. Қауіпке де қарамаймыз. Солай бола ма екен? Одан да үйде отырсын.

Ата-аналардың бұлайша ашуға мінуіне себеп те жоқ емес. Онсыз да шұрық-тесік жолды қиыршық тас тасымалдаған жеке серіктестік одан сайын езіп тастаған. Амалы құрыған жұрт соңғы жылдары кез-келген жерді жол қылып, батпаққа батып жүргені.

-Саумалкөл мектеп-интернатына жету үшин қаршадай балаларға мына ойдым-ойдым жолды жүріп өту керек. Әкімдер жылда уәде бергенімен, 5 шақырымдық бұл жолға ешқашан жөндеу жасалып көрмепті. Тұрғындардың айтуынша, қыстағы алай-дүлей боранда оқушылардың тіпті апталап сабаққа бара алмай қалатын кездері болады.

Бұрын теміржолға қараған станцияда 2 қабатты 3 үй тұр. 60 тұрғыны бар шағын елді мекен 1997 жылы Антонов ауылдық аймағы әкімдігінің қарамағына берілген. Сондықтан тұрғындардың басым бөлігі теміржолда жұмыс істесе де, кәсіпорын тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне жауапты емес. Ал жауапты әкім балалардың сабаққа бара алмай қалғанынан тіпті бейхабар.

Ермек Қасымғалиев, Антонов ауылдық аймағының әкімі:

-Дәл бүгін балалардың сабаққа бара алмай қалғанын мен білмей қалдым. Ешкім ескертпеді. Ал жол мәселесіне келсек, жеке серіктестік өткен жылы ауызша уәде берген қиыршық тас төсейміз деп. Жақында басшысымен  тағы сөйлестім. Алдағы аптада жолды жөндейміз.

Тілшілер келгенін естіген білім саласына жауаптылар жолдың нашарлығына қарамастан Уголкиге жетіп келді. Олар бұдан былай балаларды сабақтан қалдырмаймыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде