{metadescription}
Атышулы алаяқтан зардап шеккендер тағы шу шығарды
Атышулы алаяқтан зардап шеккендер тағы шу шығарды

Атышулы алаяқтан зардап шеккендер тағы шу шығарды

Атышулы алаяқ Жанар Ахметовадан алданғандар бүгін кезекті рет жиналып, талап-тілектерін тағы да айтты. Қаржы жағынан сауаттты саналатын кәсіпкерлерден бастап, қарапайым тұрғындардың сеніміне кірген келіншек олардан миллиондаған теңгені қарызға алып, сол күйі қайтармаған. 

Светлана Пашаеа, жәбірленуші:

-Ахметованың кесірінен үйімнен де айырылдым. Осы жылдар аралығында денсаулығым да күрт нашарлады. Украинадан елге экстрадицияланып, қылмысы үшін жауап бергенін қалаймыз.

Ахметова 2005-2008 жылдар аралығында азаматтардың 50 миллионнан астам теңгесін алаяқтық жолмен жымқырған. Жанар Ахметова өзін блогер, қоғам қайраткері тіпті оппозиционер ретінде таныстырып, небір дау-дамайдың ортасында жұрттың жоғын жоқтап көзге түсуге тырысқан. Осылайша адамдардың сеніміне емін-еркін кіріп, ақшаларын қалтасына басты. Сот оған үкім де кескен. Дегенмен, кәмелеттік жасқа толмаған баласы болғандықтан, жазасын өтеу мерзімі 2021 жылға шегерілген еді. Соны оңтайлы пайдаланған Жанар Ахметова былтыр Украинаға қашып, бой тасалады. Кейін ұсталып, уақытша тергеу абақтысына жабылды. Алаяқтан жапа шеккендер Ахметова Қазақстанға қайтарылып, қолымен істегенге мойнымен көтеріп жауап берсін дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде