Оныншы қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алды
Астана тұрғыны көпқабатты үйдің балконынан төмен қарай құлдилаған жасөспірімді құтқарып қалды.
Автор: Жәудір Оразхан
25.09.2018
Оқыс оқиға Елордадағы мына тұрғын үй кешенінде болған. Оны куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Үйде жалғыз қалған 6 жастағы бала сырт киімдерін киіп, балкон арқылы далаға шығуға бел буады. Жасөспірім, тіпті, москит торын пышақпен кесіп, алып тасаған. Балконнан асып, төмен қарағанда қорқып кетсе керек, кішкентай «көмектесіңдер» деп айқайлапты. Сол сәтте 9-қабатта тұратын Артем Караев балконға шығып, қабырғаға ілініп тұрған баланы көреді. Енді тұрғындар көршісінің ерлігін полицейлер ескерусіз қалдырмауы тиіс дейді.
Артем Карев, Астана қаласының тұрғыны:
-Бала шамамен 15 секундтай ілініп тұрды да, кейін үш метрдей төмен қарай құлады. Мен уақытылы қағып алып үлгердім. Өз балконыма кіргіздім. Аз әңгімелестік те, бірге далаға шықтық. Сөйтіп аман-есен анасының қолына тапсырдым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!