{metadescription}
Алматылық  жүргізуші адамға лық толы автобусты тастап кетіп қалған
Алматылық  жүргізуші адамға лық толы автобусты тастап кетіп қалған

Алматылық жүргізуші адамға лық толы автобусты тастап кетіп қалған

Тайып тұрды. Алматыда 80- ші бағыттағы автобустың жүргізушісі қоғамдық көлікті қаланың қақ ортасында тоқтатып, кетіп қалған. Жолаушылар оның шорт ашулануына бақылаушымен екеуінің арасындағы ерегес түрткі болған дейді.

Автобус тиесілі «GreenBus» (Гринбас) компаниясы жүргізуші қашпағанын айтуда. Яғни  заң бұзғаны үшін автобусты тоқтатып, орнына басқа жүргізуші жіберіпті. Қоғамдық көліктің тізгіншісі билет ақшасын қалтасына басқаны үшін осыған дейін ескерту алған екен. Бүгін тағы қайталанып,  бірден қызметінен босатылды. Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері әртүрлі заңбұзушылықтар үшін қоғамдық көліктің 264 жүргізушісі жұмыстан шығарылған.

Бауыржан Құлышев, «Green bus» ЖШС Алматы филиаланың директоры:

- Аталған жүргізушіден түсініктеме алынды. Заңбұзушылықтарға осыған дейін де бірнеше мәрте жол берген. Оны бағыттан алып тастау туралы бұйрық түсті. Өйткені, контроллер автобуста 20 адамның билетсіз жүргенін анықтаған. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде