{metadescription}
Алматыда жасөспірім  қыз 71 жастағы кейуананы  сабап тастады
Алматыда жасөспірім  қыз 71 жастағы кейуананы  сабап тастады

Алматыда жасөспірім қыз 71 жастағы кейуананы сабап тастады

Әжесіндей адамды соққыға жыққан! Жасөспірім қыз зейнеткерді тепкілеп, бас сүйегін сындырды деген күдікке ілініп отыр. Жаға ұстатарлық оқиға Алматы облысындағы «Мерей» саяжайында болған. 71 жастағы Қалышбике Айымбетова ауласына кіріп кеткен сиырды шыбықпен қуыпты. Ал көршінің 16 жастағы қызы малына тиіскені үшін кейуананың өзін оңдырмай ұрып тастаған. Сұмдық жайтқа куәгер болған елді мекен тұрғындары тентектің өзін ғана емес, тәрбие берген әке-шешесін де жазаға тартуды талап етіп отыр.

 70-тен асқан Қалышбике әжей немересінен де кіші қыздан таяқ жеймін деп үш ұйықтаса да, түсіне кірмепті. 8 баланы өмірге әкеліп, 15 немере, 3  шөбере сүйген кейуана денесіндегі жарақаттарды көріп, жыларман халге түскен.   

 Қалышбике Айымбетова, зардап шегуші:

 -Таспен ұрды  басымнан. Аузымдағы салмалы тіс қой, шығып кетті. Қан деген ағып жатыр. Қайдан ағып жатқанын білмеймін. Үстіме мініп екі аяғымен отырып алған. Жын қаққан ба, ауру ма  түсінбедім мен?!

 Ал зейнеткердің бар кінәсі - ескерту жасағанында екен. Яғни көршісінің қызына ауласына кіріп кеткен сиырын «алып кет» деген. Алайда, ол сөзді жасөспірім құлағына да ілмеген. Ақыры болмаған соң әжейдің өзі малды шыбықпен қуады. Алайда, шарбақтан шыққан бойда оңбай таяқ жеген.     

 -Қолдарыңды көрсетші. Құдайдан тапқыр!  Әке-шешесін жазалау керек! Қызға қалай тәрбие берген?!

Мінезі шатақ қыздан әжейді көршілері әзер дегенде ажыратып алыпты.

 Дінмұхамед Өтемісов, оқиға куәгері:

-Келсем, аузы, қолы қан. Шешеңнен де үлкен адам. Ұят емес пе дедім! Ол қарсыласып тұра берді бізбен.

 Жасөспірімнің тепкісінен кейін Қалышбике Айымбетованың миына зақым келгені анықталды.    

 Айдар Солтанғазиев, Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

 -Науқас басынан қатты жарақат алған. Миы шайқалған. Есінде болғанымен, жағдайы ауыр. Емделгеннен кейін де ол кісіге ми жарақатына байланысты ерекше күтім қажет.

Оқиғадан соң көршілердің арасы күрт суыған. Ал жетпістен асқан кемпірді ұрып, ауылды шулатқан қыздарына ата-анасы шаң жуытпай отыр. 

  -Мүмкін емес!

- Өтірік айтпаңыз! Итеріп жіберіп, ұрып, шашынан тартқан! Саусағын сындырған! 

- Мүмкін емес ондай!

 -Өлгенше ұрып тастаған! Әрең жүрген кемпір ол

 Қыздың үстінен «Денсаулыққа қасақана зиян келтірді» деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Десе де, кәмелет жасқа толмағанына байланысты тек ата-анасы айыппұл ғана арқалуы  мүмкін. Әзірге күдікті үйінде жүр.    

 - Міне, дым болмағандай қыдырып жүр. Масқара!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде