{metadescription}
Премьер: Ұялы телефонды шынжырға байлаймыз ба?
Премьер: Ұялы телефонды шынжырға байлаймыз ба?

Премьер: Ұялы телефонды шынжырға байлаймыз ба?

Еліміздегі қылмыстық ахуал премьер-министрді шошытты. Өйткені, аса ауыр заңбұзушылықтардан бастап, ұрлық қарлыққа дейін еселеп өсіп жатыр. Әсіресе, телефон ұрлығы тыйылмай тұр. Тіпті, әккі сұғанақтар қолды қылған смартфондарды шекара асырып жатыр екен. Сондықтан  бүгін Бақытжан Сағынтаев қылмыстың артуына жол беріп қойған полицейлерге қатты  шүйлікті.

Ішкі істер министрлігінің түрлі реформаларына қарамастан заңбұзушылық керісінше өршіп барады. Әсіресе, зорлық, адам өлтіру секілді ауыр қылмыс еселеп артқан. Үкіметте мұның себебін түсіндірген еліміздің бас полицейі, бұған алкагольді айыптады.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-Ауыр қылмыстың  шамамен 60-70 пайызы тұрмыстық жағдайда маскүнемдер жасайды. Учаскелек инспекторлар қолайсыз отбасылармен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты ауыр қылмыс азаймай тұр.

Ал, қылмыстың басым бөлігі –ұрлық. Әсіресе, ұялы телефонды жымқыратын сұғанақтардың көбі Алматыда. Мұнда 10 айда 5 мыңнан астам байланыс құрылғысы қолды болған. Әрі арыз жазбаған  жәбірленушілер қаншама. Сондықтан премьер ұрыларды тайраңдатып қойған алматылық полицейлерге тап берді.   Экран арқылы байланысқа шыққан олар ақталуға тырысып еді, сөз естіп тынды.

-Мына көбісінде 70 пайыз жағдайда ұрлық болмайды. Тұрғындар өздері қалдырып кетеді негізі. Бір- екі күннен кейін.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-Сонда халық кінәлі ғой. Телефондарын тастап кететі өздері. Ешкім ұрлап жатқан жоқ оны. Шынжырға байлап қалтамызға салып жүруіміз керек пе енді?

Ұрлықтың артуына халықты кінәлаған полицейден кейін, Алматы әкімінің жауап беруіне тура келді. Бауыржан Байбек үптелген телефонның басым бөлігі, Қырғызстан мен Тәжікстанға кетіп жатыр дейді. Қалғаны қара базарда емін-еркін сатылып жатыр. 

-Қанша мынаның бағасы?

-16 мыңға беремін.

– Құжаты бар ма?

– Құжаты жоқ.

 –Ұрланған емес пе?

-Жоқ ұрланған емес, өзің сияқты адамдардан аламыз ғой біз.

Бұл смартфон сататын сауда үйін жағалаған алып-сатарлар. Гаджеттің түр-түрін ұрылардан сатып алып, кейін екі-үш есе қымбатқа береді. Ал, оңай олжаға құныққандар көбінде базар мен қоғамдық көліктерді жағалайды екен. Сол үшін Қалмұханбет Қасымов тұрғындарға барынша сақ болуға кеңес берді.

-Әрі телефон ұрлығын тыю үшін ұялы телефондардың IMEI-коды жаппай біріңғай базаға тіркеліп жатқаны белгілі. Бұл қолды болған құрылғыны табуға таптырмас көмек дейді полицейлер. Десе де қулығына құрық бойламайтындар бұр ережеден де айналып өтудің амалын тапқан. Ал, елімізде  тіркелмелен телефондарды бұғаттау келесі жылдан басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде