{metadescription}
«Бала дауысы» байқауының жеңімпазын анықтауға аз қалды
«Бала дауысы» байқауының жеңімпазын анықтауға аз қалды

«Бала дауысы» байқауының жеңімпазын анықтауға аз қалды

Республика бойынша үш мың баланың ішінен іріктелген 19 қатысушы гранд финалға дайындықты бастап та кетті. Арнайы жұлдызды үйге жайғастырылған жас дарындар ата-аналарынан жырақта, еркелікті қойып, үлкен сахнаға әзірленуі тиіс.

Үлкен сахнаға жол, міне, осы зәулім сарайдай үйден басталмақ. 3 мың баланың ішінен дауысы ең керемет деп танылған 19 қатысушы жол сөмкелерін қоя сала, сайысқа дайындықты бастап кетті. Қатысушылар небәрі 8, 12 жастағы оқушы болғанымен, оларға жүктелген жауапкершілік үлкен. Өйткені, әрқайсысы бір-бір өңірдің атынан келіп отыр. Оны өздері де сезінетіндей. Ән сабағынан кешікпей, керісінше, уақытынан бұрын келіп алған. 

Болат Әділбек, «Бала дауысы» байқауының үйлестірушісі:

-Осы жерге атақты жұлдыздар келеді. Барлығы мастер класс өтіп, балаларға қалай ән айтуды, қалай өзін сахнада ұстауды, актерлік шеберлікті балаларға көрсетіп, үйретеді.

Нақ осы шеберлік сыныптар қатысушыларға «Қазақстан жұлдызы» атануға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, сайыс талабы бойынша тек біреуі ғана жеңімпаз атанады. Десе де, «Бала дауысына» қатысушыларды демеп жүрген эстрада әншілері бәрі де баланың талабына байланысты дейді. 

Айқын Төлепберген, әнші:

-Бәрі емес, бірақ ішінен бір-екеуі бәрібір суырылып шығады.  Бұл тәжірибе.  Ешкімнен ештеңе сұраудың қажеті жоқ. Конкурстарға қатысу керек. 

Бақ шаба ма, бап шаба ма ол жағы 8-ші желтоқсанда белгілі болады. Жалғыз жеңімпаз Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін финалдық бәсекеде анықталады. Байқау күнделігін 27-қазаннан бастап әр сенбі сайын КТК арнасынан көре аласыздар. Ал бас жүлде - Парижедгі Диснейлэндке тегін жолдама. Айта кетейік, жобаның авторы әрі бас продюсері  Әлия Назарбаева. Сайысты ұйымдастырушылар «Жандану әлемі» мен Тұңғыш Президент қорлары.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде