{metadescription}
«Түнгі соттың» тиімділігі неде?
«Түнгі соттың» тиімділігі неде?

«Түнгі соттың» тиімділігі неде?

Уақыт үнемдегіңіз келсе түнгі сотқа жүгініңіз. Алматыда қолға алынған «Түнгі сот» пилоттық жобасының берері мол дейді мамандар. Олардың айтуынша, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базасында іске асыралатын жоба арқылы қысқа мерзімде бар шаруаны шешуге мүмкіндік болады.

Егер көлігіңізді соғып алсаңыз, бұрынғыдай сот табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Жол сақшысы  қажетті құжаттарды толтырып, сізге түнгі соттың бар екенін ескертеді. Тіпті, қысқа мерзімде қаралған соттың қаулысы сол күні шығарылады. Ал түнгі сот кешкі сағат 6 жарым мен түнгі 10 аралығында жұмыс істейді. Осының арқасында сот қаулысын орындау және сақтандыру төлемдерін алу мерзімі қысқарған. Яғни сақтандыру компаниясы төлейтін қаржыны бұрынғыдай 3 ай күтпей, 15 күннің ішінде қолыңызға санап аласыз. Айта кетейік, жоба басталған төрт ай ішінде судьялар 1600 іске нүкте қойып үлгеріпті. Ал жыл соңына дейін жалғасатын жобаны жүзеге асырғандар күндіз сот залында сеңдей соқтығысатын адам қарасы азайғанын айтады.

Нұрғазы Әбдіқанов, Алматы қалалық сотының төрағасы:

-Мынадай шарттары бар: біріншіден ол құқық бұзғанын мойындау керек. Екіншіден, түнгі сотта қарауға келісім беру керек. Сонда ғана әкімшілік істеркешкі сотта қаралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде