{metadescription}
Астанада журналистер бас қосып медианарықтағы өзгерістерді талқылап жатыр
Астанада журналистер бас қосып медианарықтағы өзгерістерді талқылап жатыр

Астанада журналистер бас қосып медианарықтағы өзгерістерді талқылап жатыр

Еліміздегі медиаиндустрияны бұрын-соңды болмаған өзгерістер  күтіп тұр.  Елордада танымал әрі тәжірибелі отандық және шетелдік журналистер жиналып,  жылдам ақпарат тарату,  сапалы бағдарлама жасап, оны нарыққа тез өткізудің тың әдістерін  талқылауда.  

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі:

-Апталық қатысушылар үшін озық тәжірибелермен танысып, пікір алмасып, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға, жаңа технологияларды ел игілігіне жаратуға берілген үлкен мүмкіндік екенін ескерейік. 

Медиа апталық  үш күнге жалғасады. Бүгін  қонақтар 18 республикалық және аймақтық арнаның өнімімен танысуда. Шара продакшн-компаниялардың инвестор, тапсырыс беруші  табуына жол ашып бермек.  Апталыққа Беларусь, Түркия, Ресей мен Өзбекстан өкілдері де қатысуда. «Astana Media Week»-тің басты тақырыбы - «DIGITAL MEDIA» деп аталды. Онда медиа саласындағы сарапшылар цифрлық  ақпарат тарату, контент нарығы, өндіріс, Қазақстандағы  медиа сауаттылықты  дамыту мәселесі қамтылды.  

Қонысбек Терекұлы, AQTÓBE ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСІ: 

-Бізді кабельдік желілерде де  көреді. Бірақ, біз осы әлеуметтік желіде қалай арнаның танымалдығын арттыру керек, контентін көтеру керек, медиа нарықтағы тағы қандай тың бағытты игеру керек осы мақсатта келіп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде