{metadescription}
Астаналықтарды сот орындаушысының өжет мінезі таң қалдырды
Астаналықтарды сот орындаушысының өжет мінезі таң қалдырды

Астаналықтарды сот орындаушысының өжет мінезі таң қалдырды

Темір қоршауды алдырып жатқан сәтте басына құлап, жедел жәрдем оны ауруханаға әкеткен. Бірақ ол басы  іскен күйі қайта оралыпты.

Оқиға Сейфуллин көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында болыпты. Темір қоршау сот шешімімен шілде айында алыну керек болған. Бірақ тұрғындар наразы болып, сот орындаушысына дес бермей қойыпты. Бұл заң қызметкерінің екінші қайтара соғуы екен. Жұрттың сөзін пысқырмай, бұлқан-талқан болып қоршауды алдырып жатқанда темір қақпа басына құлап, сот орындаушысы омақаса құлаған. Оны жедел жәрдем ауруханаға әкеткенімен, куәгерлердің айтуынша, екі сағаттан кейін басы іскен күйі қайта оралып, ісін аяғына дейін жеткізіпті. Ол енді екі күннен кейін тағы келіп, қоршаудың іргетасын алдырып тастамақ. Жұрт болса іргетастан бұрын, қайтпас қайсар сот орындаушысының денсаулығына алаңдап отыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.