Құлап бара жатқан баланы қағып алған жігіт сыйақысын қайда жұмсайтынын айтты
Баланы құтқарғаны үшін жарты миллион теңге алды! Бүгін Астана әкімдігі оныншы қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған Артем Каревті марапаттады.
Автор: Досжан Маратұлы
26.09.2018
500 мың теңгенің сертификатын оған Астана әкімі Бақыт Сұлтанов табыстаса, аудандық шенділер теледидар тарту еткен. Ал, бір күнде күллі елге танылған 28 жастағы жігіт кеше 7 жастағы баланың өмірін сақтап қалған еді. 10 қабаттың балконынан құлап кеткен жеткіншекті, 9-қабатта тұратын Артем қолымен қағып алып бір ажалдан құтқарған болатын. Ал осы ерлігі үшін алған ақшасын ол қайырымдылыққа жұмсамақ ойда.
Артем Карев, Астана қаласының тұрғыны:
-Мен ақшадан тарығып жүрген адам емеспін. Сол үшін 500 мыңды осындай оқыс оқиғаның алдын алу үшін жұмсасам деймін. Яғни, биік үйде тұратын, баласы бар, жағдайы жоқ отбасыларға терезеге қорған орнатуға көмектесемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!