Елімізде QIWI әмияндарға тыйым салынбақ
Ішкі Істер министрі Алматыдағы студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Қасымовтың айтуынша, бірнеше сараптама тағайындалып Нұрдос Айтбаевтың нақты неден көз жұмғаны жіті тексеріліп жатыр екен.
Автор: Жәудір Оразхан
26.09.2018
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті жатақханада жан тапсырған еді. 19 жастағы Нұрдос курстасымен бірге есірткі затын қолданып, кейін жағдайы бірден нашарлаған көрінеді. Жалпы, елімізде жасырын есірткі саудасының қызып тұрғанын полицейлер де мойындайды. Сақшылар сатылымға шыққан ұнтақтың есірткі екенін дәлелдеп, тыйым салынған тізімге қосқан күні өндірушілер оның формуласы мен атын өзгертіп жібереді екен. Яғни, оңайлықпен ұстатпайды. Ал ұнтақ көбіне интернет арқылы сатылып жатыр. Сондықтан, Ішкі істер министрлігі елімізде ғаламтормен жасырын төлем жасауға тыйым салмақ. Қасымов жақында QIWI-әмияндарды мүлдем алып тастаймыз деді.
Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:
-Есірткі көбіне интернет арқылы тарайды. Президент әкімшілігінің тапсырмасымен QIWI-әмияндарды алып тастаймыз. Қазір 204 мыңнан астам теңгеге жасырын төлем жасауға заңмен рұқсат етілген. Бұл мүлдем дұрыс емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!