{metadescription}
Ақтөбеде өмірден түңілген келіншек биіктен секіріп өлді
Ақтөбеде 26 жастағы келіншек 5-ші қабаттан секіріп, қайтыс болды. Оқиға күндізгі ондардың шамасында болған. Оның өмірден баз кешуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы осы сұмдық жағдайға ондаған тұрғын куә болды. Дереу жедел жәрдем шақырғанмен кеш болатын. Мәйіт аулада үш сағат бойына жатып қалды. Себебі сарапшылар келіп болмады. Полицейлер келіншектің өзіне қол салғанына сенімді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
26.09.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!