Шығыста жарылыс болып екі жұмысшы ауыр жараланды
Шығыс Қазақстанда құбыр дәнекерлеу барысында жарылыс болып, екі жұмысшы жараланды. Бірінің денесін түгелдей, екіншісінің 50 пайыз күйік шалған олар қазір қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
26.09.2018
Төтенше жағдай қала шетіндегі ықшамаудандардың бірінде түнде болған. Жер асты құбыларын дәнкерлеру барысында ауада жарылыс болып, екі жұмысшы тірідей жанып кете жаздады. Олар алдымен құбырды оттегімен жұмыс істейтін қондырғымен теспек болған екен. Алайда қалың құбырға оның шамасы келмеген соң, электр қуатты қондырғыны қолдана бастаған. Алайда, алғашқысынан ауаға тараған оттегіге ұшқын тиіп, күшті жарылыс болған. Оларды әрең дегенде жер бетіне шығарған әріптестері екеуін дереу ауруханаға жеткзізіпті.
Наталья Лукерина, «Өскемен су арнасы» МКК бөлім басшысы:
- Қазір кәсіпорында арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән жайы тексерілуде. Сондай-ақ, облыстық еңбекпен қамту депатраменті қызметкерлері де өздері тарапынан осындай тексеру бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!