Шар үшін ажал құшқан студенттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты
Таразда колледж студентінің өліміне күдіктілер ұсталды.Қолға түскен 16-17 жастағы 5 жасөспірімнің біреуі кінәсін мойындап, қамауға алынды. Өзгелері түсініктеме берген соң үйлеріне жіберілген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.09.2018
Бұлардың бәрі колледж студенттері. Ауыр соққымен адам өлтірді деген күдікке ілінген бозбала 17 жаста. Еске салсақ, өткен аптада қаладағы орталық көшелердің бірінде бір топ жасөспірім арасында түсініспеушілік туындап, біреуі екіншісін жағынан ұрып құлатқан. Алған қатты соққыдан 16 жастағы студент тас жолға оңбай құлап, жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған еді. Ал сол жастар арасындағы жанжалға бұзақылардың бірінің қастарындағы қыздың қолындағы шарын жарып жіберуі себеп болған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
-Жәбірленуші достарымен туған күн кешінен шығып, орталық көше бойымен жаяу келе жатып, бір топ бейтаныс балаларды кездестіреді. Қарсы беттегі «Б» есімді жасөспірім туған күн иесінің қолындағы шарын қасақана жарған. Нәтижесінде екі тарап арасында жанжал туындап, күдікті «Б» жәбірленушінің бет жақ тұсынан соққы келтірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!