Өскемендік студенттер жеке брендтерін әлеуметтік желіде дамыта алатын болды
Өскемендік студенттер енді жеке брендтерін әлеуметтік желіде өздері дамыта алады. Шығысқа арнайы ат басын тіреген кәсіби мамандар оларға аталмыш бағытта тегін шеберлік сабағын ұйымдастарды.
Автор: Әйгерім Шакаманова
27.09.2018
Жас бағдарламашылар қордың «Method PRO» IT-жоспары бойынша білікті мамандардан дәріс алып, «Smart Zholy» бағдарламасына да қатысты. Ал қор жанындағы жас ғалымдар кеңесінің өкілдері инновациялық жаңалықтарымен бөлісті.
Өскеменге арнайы келген кәсіби мамандардың осынау кеңестері өз өнімі мен қызметтерін танымал етуге мұрындық болмақ. Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған кездесу соңы блокчейн жүйесі бойынша тәжірибелік семинармен аяқталды.
Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
- Қордың көптеген байқауларына қатысуға шақырып, сондай мақсатпен келіп отырмыз. Бүгін осы жерде 500-600 студентке Аманжолов атындағы университет студенттеріне, басқа да студенттерге Тұңғыш президент қорының көптеген байқаулары мен жоспарын таныстырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!