{metadescription}
Оңтүстік Кореяда көз жұмған бүлдіршіннің сүйегін туыстары Қазақстанға жеткізе алмай отыр
Оңтүстік Кореяда көз жұмған бүлдіршіннің сүйегін туыстары Қазақстанға жеткізе алмай отыр

Оңтүстік Кореяда көз жұмған бүлдіршіннің сүйегін туыстары Қазақстанға жеткізе алмай отыр

Оңтүстік Кореяда емделіп жатып көз жұмған қазақстандық бүлдіршіннің сүйегін туыстары елге жеткізе алмай отыр. Өйткені жергілікті дәрігерлер баланың ата-анасына ауруханаға 87 мың доллар қарыз деп балаларының денесін бермей қойған. Ал бұл ақша оның жансақтау бөлімінде жатқан күндерінің өтеуі екен. Енді мәйітханада жатқаны үшін де күнделікті ақы қосылып жатыр.  

Виктор Унру, әкесі:

- Марқұм ұлым 30 тамыздан бастап 23 қыркүйекке дейін жансақтау бөлімінде жатты. Ал онда әр күннің төлемі өте қымбат болды. Дәрігерлер ұлым қайтыс болғаннан кейін, ауруханаға 87 мың  доллар қарыз екенімізді айтты.  Оны толық өтемейінше, ұлдарыңының мәйітін ала алмайсыңдар деді. Тіпті өлу туралы куәлікті де жасауға рұқсат бермеді.

Осыдан бір жыл бұрын 5 жасар  Богдан Унруға дәрігерлер қатерлі ісіктің саркома деген түрін қойған. Содан бала квота арқылы жарты жыл Астана қаласында емделеді. Одан оңалмаған бүлдіршінді еріктілер Сеулға жіберген. Қатерлі дертпен бір жылдай күрескен Богдан осыдан төрт күн бұрын көз жұмады.

Қазір баланың әке-шешесі ұлдарының мәйітін алу үшін елдегі дипломаттарға көмекке жүгініпті. Консулдықтағылар мәйітті елге жеткізу жағынан ғана көмектесе аламыз дейді. Ал клиника алдындағы қарызды өтеу қарастырылмаған. Енді марқұмның ата-анасы қаражатты жинау үшін қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, біз аурухананың төлем ақысын көтере алмаймыз. Мемлекет тарапынан тек қана баланың денесін Қазақстанға жеткізуге мемлекеттік қаражат бөлінуі мүмкін. Біздің консул күнделікті баланың әке-шешесімен байланыста. Қазіргі күні аурухананың басшысымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ақшаны бірден емес, бөліп-бөліп төлеп алуға.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.