{metadescription}
Ақтөбеде салық төлеуге жанталасқан тұрғындар дүрбелең тудырды
Ақтөбеде салық төлеуге жанталасқан тұрғындар дүрбелең тудырды

Ақтөбеде салық төлеуге жанталасқан тұрғындар дүрбелең тудырды

Ақтөбеде салық төлеуге жанталасқан тұрғындар мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратына сыймай жатыр. Өйткені мамандар аптаның соңына дейін жылжымайтын мүлік пен жер салығын төлеуді талап еткен. Одан кешіксе, айыппұл төлейді.

Мемлекеттік кірістер басқармасындағы үлкен залда ине шаншар орын жоқ. Кезегін күзеткен тұрғындар таң атпастан осында келген. Бірақ одан уақыт үнемдеген ешбірі жоқ. Өйткені, алдымен салығының нақты соммасын сұрап, одан соң кассаның есігін тағы торуылдауға тура келеді. Келушілердің көптігінен мұндағы техника да істен шығып, ұзын-сонар кезек те сейілмей отыр.

Закария Мырзаханов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Салық төлеу үрдісі дұрыс жұмыс істемегендіктен ғой. Салық төлеу үшін енді бәріміз осылай жүруіміз керек пе?!  Халықты топырлатпау үшін шара қолдану керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде