{metadescription}
Жұртты тақырға отырғызған жеке балабақша қожайынына қатысты сот  басталды
Жұртты тақырға отырғызған жеке балабақша қожайынына қатысты сот  басталды

Жұртты тақырға отырғызған жеке балабақша қожайынына қатысты сот басталды

Қарағандыда жұртты тақырға отырғызған жеке балабақша қожайынына қатысты сот процесі басталды. Ол 20 шақты ата анадан бизнесті дамытуға деп  миллиондаған теңге қаражатты қарызға алған. Алайда күдікті ақшаны қайтармақ түгілі, өзін банкрот жариялап, балабақшаны жауып тастапты.

Анна Богатованың сөзіне имандай сенген жұрт оған кемі 1 миллион теңгеден қарыз беріпті. Арасында оның қолына 3-4 млн. теңгеге дейін ұстатқандары да бар. Қарыз бергендердің балаларын мектепке дейін тегін тәрбиелеуге уағдаластыпты. Алайда ақшаны қайтаратын уақыт таяғанда күдікті түрлі сылтаумен уақыт созып жүріп алған. Ақыр аяғында оған қарасты қаладағы 4 балабақша да жұмысын тоқтатыпты. Өйткені ғимараттардың жалдау ақысы төленбеген екен. Богатованың өзі бизнестегі әріптесі алдап соғып, қарызға белшесінен батырып кеткенін айтып ақталады.

Анна Богатова, күдікті:

- Менің еш арам ойы болған жоқ. Қаражатты бизнесті дамытып, тағы да балабақшалар ашу үшін алдым. Бес жыл бойы осы кәсіппен айналыстым. Әріптесіммен ара қатынасымыз бұзылып, қазір бизнес пен ақшамнан айрылып қалдым. Ол бойынша бөлек арыз жаздым. Бірақ елден алған ақшаны бір жыл ішінде қайтарамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде