{metadescription}
Қант бағасын қолдан өсірген
Қант бағасын қолдан өсірген

Қант бағасын қолдан өсірген

Қант бағасын қолдан өсірген! Құмшекерді аяқасты қымбаттатып жіберген тасымалдаушылардың өздері екен. «Қант - дефицит» деген алып-қашпа әңгіме шығарып, артынша өз өнімін қымбатқа сатқандар сөйтіп көл-көсір пайдаға кенелген.  

 

Дамир Тазабек, Алматы қаласы ауылшаруашылығы басқармасы бастығы орынбасары:

  • Қант бағасын қолдан өсіріп отыр. Үлкен супермаркеттарымыз бағаны сақтап отыр. Ол - 245 теңге. Қалада 10 мың тоннаға жуық қант және 1-ші қазаннан бастап Алматы және Жамбыл облыстарындағы қант зауыттары іске қосылады. Және олармен жылдың аяғына дейін 150 мың тонна қант өндіріледі. Бәрі нарыққа келіп, баға 20 пайызға түседі. Шамамен 180-190 болады.

 

Күрделі жөндеуге жабылған отандық қант зауыттарының қайтадан іске қосылатынын біліп алған тасымалдаушылар Ресей мен Қырғызстаннан әкелген құмшекерлерін жылдамдатып сатып жіберуді көздесе керек. Сондықтан қант тапшылығын қолдан жасап, артынша супермаркеттерге қымбат бағамен өткізген. Шенеуніктер мұны әдейі істелген маркетингтік тәсіл деп отыр. Ал расында қорда қант жеткілікті. Бір ғана Алматыда 10 мың тоннаға жуық қант бар екен.

 

Ал қазан айында бұл көрсеткіш он есеге артады. Өйткені қос бірдей зауыт іске қосылады. Сол кезде баға керісінше төмендейді екен. Ауылшаруашылығы басқармасындағылар келесі аптадан бастап қанттың көтерме бағасы келісіне 180-190 теңгеге дейін түседі деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.