{metadescription}
Сенат бет-жүзін тұмшалауға тыйым салынған заң жобасын кері қайтарды
Сенат бет-жүзін тұмшалауға тыйым салынған заң жобасын кері қайтарды

Сенат бет-жүзін тұмшалауға тыйым салынған заң жобасын кері қайтарды

Бет-жүзін тұмшалауға тыйым салынған заң жобасын Сенат қабылдамай, кері қайтарды.  Жоғарғы палата Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген құжаттан бірқатар шикілік тапқан. Мәселен, депутаттар шенеуніктер жастардың білім алу құқығын шектеген  деп отыр. Сондай-ақ жат ағым өкілдерінің киім-кешегін жарнамалауға салынған тыйым да түсініксіз дейді сенаторлар.

«Діни қызмет туралы» заң жобасын Мәжіліс айлап талқылап, әрең  мақұлдаған болатын. Төменгі палатаның ісі сонда да шала  шықты. Сенаторлар құжаттан екі қате таптық деп отыр. Заңда  «мектепті жаңа бітірген түлекке шетелдік діни университетке  түсуге тыйым салынады» деп жазылған. Бұл - адам құқығын шектеу дейді сенаторлар.

Бақытжан Жұмағұлов, Сенат депутаты:

 - «Балаларды тек қана жоғарғы оқу орнын бітіргеннен соң ғана шетелге бару керек» деген - дұрыс емес. Бар заңдарымыз Конституцияға сай болу керек. Білім алуға әр адамның  құқығы бар.

Ал Қоғамдық даму министрлігіндегілер  жастарға  алдымен ел ішінде салт-дәстүрімізге сай білім алуға  талап қойған. Тек екінші диплом үшін шекара асуға рұқсат бермек болған еді.

Берік Арын, Қоғамдық даму вице-министрі:

- Бұл жерде біздің ойымыз не еді? Мысалы, жас бала мектеп бітіргеннен кейін әлі көзқарасы толық қалыптаспаған, дініи білімі жоқ, ол шетелге барады да, ол жердегі теріс діни ағымдардың, радикалдардың ықпалында кетіп қалады.

Сенаторлар «Діни қызмет туралы» заң жобасындағы жарнамаға қатысты бапты да жақтырмады.

Дархан Кәлетаев, Қоғамдық  даму министрі:

- Діни ағымда жүрген азаматтардың киімін жарнамаға шықпау деген мәселе болған. Соны алып тастады. Оны мына сенаторлардың ойынша,қандай киім болу керек, қандай ағымда болу керек, оны кіргізсек, әрі қарай жауапкершілікті де кіргізу керек. Бұл жерде кіргізілмеген.

Ал құжаттағы «қоғамдық орында бет-жүзді  тұмшалауға  болмайды» деген  басты бапты депутаттар бірден қолдады. 

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

- Біз  сақал қойған, қысқа балақты адам көрсек, бірден жат ағамның мүшесі, тіпті экстремистік топтың өкілі деп қараймыз. Біз қазақпыз, араб емес. Заңда да  осы жайлы айтылған.

Айта кетейік, жаңа заң жобасына сай, жұмыста, қоғамдық орындарында  жүзін  жасырып, паранжа, никаб кигендерге  бірінші ескерту жасалады, екінші рет көзге түссе, 240 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Шенеуніктер киімнен кейін «қысқа балақ пен  қауға сақалға кірісеміз» деген болатын. Бірақ Қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүріп, әлі  оларға ортақ тыйым таппапты.

Сондай-ақ, осы заңда мемлекеттік қызметкерлерге діни ұйым құруға және оның мүшесі болуға мүлдем рұқсат етілмейді. Мәжіліс Сенаттан кері қайтқан құжаттың кем-кетігін түзеп, қайта қабылдауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде