Шымкентте егілмек болған ер адам жекеменшік клиникада қайтыс болды
Емделем деп көз жұмды! Шымкентте инъекция салдыруға келген азамат жекеменшік клиникада қайтыс болды. Марқұм Рауан Аманжоловтың туыстары кінәні дәрігерлерден көреді. Дәрі екпес бұрын ақ халаттылар сынама жасамаған деп отыр.
Автор: Бек Әбиев
27.09.2018
Айналайын-ау, жамбасынан алты рет еккен ғой! Екпе салған кезде келіншегіне «Әсия, мен біртүрлі жаман боп бара жатырмын» деп айқайлаған. Сөйтсе, дәрігер төсекке жатқызғанда система салыңдар деген. Төрт системаның инесі жатты. Система салып, кетіп қалған.
Қайғылы жәйт екі күн бұрын жекеменшік «Меру-Ис» клиникасында болған. Үйленгеннен кейін төрт жыл бала көтере алмаған ерлі-зайыптылар ем қабылдау үшін осы мекемеге жүгініпті. Алайда бар болғаны екінші сеансында полиция сапында қызмет ететін 30 жастағы Рауан Аманжоловтың хәлі күрт нашарлап, жедел жәрдем жеткенше өмірі қиылды. Клиниканың дәрігерлері өздерінің кінәсіз екеніне сенімді. Себебі, тура сол дәрілерді 3 апта бұрын салған. Оның үстіне тек антибиотиктер болыпты. Олардың сөзінше, тамырына дәрі құйып жатқан кезде пациентте кенеттен күшті жөтел басталып, 15 минуттың ішінде жүріп кеткен.
Полицейдің өліміне нақты не себеп болғанын сот-медициналық сараптамасы анықтап жатыр.
Нұрлан Мұсабеков, жекеменшік клиниканың бас дәрігері:
- Тромбоэмболияға ұқсайды. Өйткен анафилаксиялық шок болатын болса оны дәрілермен шығарып алуға болатын еді. Клиникасы да ұқсамайды. Тромбоэмболия деген ол тромб, тамыр, адам қатты жөтеліп қалған кезде тромб жылжып кетуі мүмкін. Үзіліп кетіп, бір жерде тұрып қалуы мүмкін. Сөйтіп тромб өкпесін немесе жүрегін бітеп тастайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!