Алматыда полиция қызметкері өз әріптесіне оқ атты
Ажалға ұласқан араздық.Алматыда полиция қызметкері өз әріптесіне оқ атты. Капитан Сәбит Бегланұлы ауруханаға жеткізілгенімен, ауыр жарақаттан тілге келмей жан тапсырды.Ал оқ атқан Азамат Берістемов марқұмның қайын ағасы болып шықты. Ол қарындасы үшін күйеу баласымен жанжалға барған. Ішкі істер министрлігі аталмыш істі жіті бақылауына алды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.09.2018
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Кінәлі адам кешкісін кезекшілікке түсіп, қару алған. Гаражға келгенде ол жерге қарындасының күйеуі де келеді. Олардың үш баласы бар. Күйеу баласы соңғы алты айдан бері бірге тұрмайды екен. Содан араздық басталып, оқ атылған.
Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Қанды оқиға жергілікті полиция қызметінің аумағында болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. 28 жастағы полиция капитаны Сәбит Бегланұлының құқық қорғау саласында істегеніне төрт жыл болған. Артында жары мен үш баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!