{metadescription}
Орталық Азия мен  Қытай арасындағы қатынас жандана түсті
Орталық Азия мен  Қытай арасындағы қатынас жандана түсті

Орталық Азия мен Қытай арасындағы қатынас жандана түсті

Бүгін Алматыда Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы қарым-қатынасы талқыға түскен жиын өтті. Басқосуға көрші мемлекеттер мен Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылар қатысты. «Белдеу және Жол» деп аталатын жиынға Тұңғыш Президент Елбасы қоры қолдау білдірді.

Сессияға қатысушылар қытайлық инвесторлар құйған қаражат пен экономикалық қызметтің өсуі Орта Азия елдерінің дамуына, осы аймақтағы қауіпсіздік  пен көші-қон мәслесіне қандай оң ықпалы тиетінін талқыланды. Саяси-экономикалық байланыс мәселелерінен өзге, аспанасты елімен Қазақстан арасындағы көлік қатынасын дамыту мәселесі де сөз болған. Нәтижесінде осы көршілес елдерді байлынсытырып тұрған магистарльдарды жөндеу мәселесі басты назарға алынды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптің дамуына басымдылық беру керектігі айтылған.

Руслан Ізімов, ӘЭСИ Қытай және азиялық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі:

-Бүгінгі жиында талқылаған басты мәселе ол Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының арасындағы байланысты нығайту. Жиынға елімізден тек сарапшы мамандар ғана емес, оқу орындарындағы факультет профессорлары қатысты. Келешекте бұл бастама жалғасын тауып, ауқымды инвестициялық жобалар болады деген сенімдемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде