{metadescription}
Рахмонның гүлзарбағы президенттерді таңқалдырды
Рахмонның гүлзарбағы президенттерді таңқалдырды

Рахмонның гүлзарбағы президенттерді таңқалдырды

Гүлзарбақта геосаяси мәселелер талқыланды! Тәжікстанда ТМД-ға мүше елдердің президенттері берекелі дастарқан басында емен-жарқын жүздесті. Эмомали Рахмон әріптестерінің алдына жеміс-жидек үйіп ерекше қарсы алды.   

Саммит басталмас бұрын алдымен  президенттер кешкі ас үстінде галстуксыз әңгімелесті. Бар кереметін көрсетуге тырысқан Рахмон, гүлзар бағын аралатуды да ұмытқан жоқ. Серуенге шыққан топты Назарбаев пен Путин бастап келеді. Бұдан соң  мемлекет басшылары әдеттегідей естелікке суретке түсті. Осыдан кейін ғана  ресми жиын басталды. 27 жыл бұрын құрылған Тәуелсіз елдер достастығы ұйымына 11 мемлекет мүше. Биылғы кеңеске  тек Түрікменстан басшысы ғана келмеген.  Тараптар елдер арасындағы экономикалық, сауда, достық қарым-қатынасты  дамытуға арналған 15 құжатқа қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаев уақыт тауып, Тәжікстан президентімен жеке кездесіп те үлгерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Елдеріміз арасында сенімнен құралған достық қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгін де осы ынтымақтастығымызды тереңдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.