{metadescription}
Храпунов 20 жылға сотталуы мүмкін
Храпунов 20 жылға сотталуы мүмкін

Храпунов 20 жылға сотталуы мүмкін

Храпунов 20 жылға сотталсын! Мемлекеттік айыптаушы бүгін судьядан Алматының экс-әкіміне осынша жыл жаза беруді сұрады. Сонымен қатар, барлық мүлкін тәркілеп, мемлекеттік атақтарынан айыру қажеттігін айтты.

Алмас Байбарақов, мемлекеттік айыптаушы:

-Ерлі-зайыпты Храпуновтар жасаған қылмыс аса ауыр санатқа жатады. Мемлекеттік айыптаушы орган олардың қоғамнан оқшауланған аумақта, яғни калонияда жазаларын өтеуді сұрайды. Лейла Храпунованың да мүлкі тәркіленіп, 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймыз.

400 томға жүк болған істің нүктесі екінші қазанда қойылуы мүмкін. Судья Швейцарияда бас сауғалап, қашып жүрген Храпуновтарды соңғы сөз сөйлеуге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шақырып жатыр. Айта кетейік, атышулы іс бойынша 200 куәгер жауап берді. Ерлі-зайыпты Храпуновтар қазына қаржысын жымқырып, мемлекетке 250 миллион доллардан аса шығын келтірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде