Алматыда жарнамалар сайысқа түсті
«РЕД ЖОЛБОРС» атты ортаазиялық фестивальде адамдарды мезі қылмай, керісінше, қызықтыра түсетін ең мықты жарнамалар анықталды. Ал оларды жасаушы маркетолог пен PR-шылардың қанжығасы майланып қалды.
Автор: Аруна Ортай
01.10.2018
Жарналамалар жарысында жүздеген маркетолог бағын сынап көрмек болды. Алайда жарнаманың жілігін шаққан мамандар ішінен тек 11-ін ғана таңдап алды. Десе де, идеялары өтпей қалғандар фестивальден құр алақан қайтқан жоқ. Оларға Қазақстан, Ресей мен Европаның ең танымал маркетологтары дәріс оқыды. Жалпы, аталған іс-шара алты жыл қатарынан Бішкекте өтіп келіпті. Биыл тұңғыш рет Алматыда ұйымдастырылды.
Сабина Рейнгольд, «Red Jolbors» фестивалінің продюсері:
-Ең басты мақсатымыз - жарнаманы дамыту. Осы саланы қолдай отырып, оларды жасаушыларға шабыт беру. Өйткені бұл да шығармашылықтың бір түрі. Сондықтан, міндетті түрде халықтың көңілінен шығуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!