{metadescription}
Астанада базар саудагерлері  биліктің жаңа талабына қарсы шықты
Астанада базар саудагерлері  биліктің жаңа талабына қарсы шықты

Астанада базар саудагерлері биліктің жаңа талабына қарсы шықты

Астананың жаңа  әкімі заңсыз базарлармен білек сыбана күресуге кірісті. Әсіресе, атышулы «Шанхай», «Шарын» секілді ірі сауда үйлерінің айналасындағы жабайы базарлар түгел қиратылмақ. Өйткені 160-қа жуық сауда орны қызыл сызықтан асып кеткен. Ал осы базардың сүрілуіне қарсы шыққан сатушылар күз келгенде қайда барамыз деп отыр.

Айша Мейірбекова «Шанхай» базарында 6 жылдан бері киім-кешек сатып нәпақасын тауып жүр. Енді әне-міне жұмысынан айырылады. Өйткені сауда орны сүрілуі тиіс.

Айша Мейірбекова, саудагер:

- «Ип» бар барлығымызда. Салық  бәрі төленеді. Не үшін базарды жабу керек түсінбеймін. Басқа проблемалар жетеді ғой. Біз бала-шағамызды бағып, нан жеп отырған жеріміз.

Айша сияқты жеп отырған нанынан айырылайын деп тұрған саудагерлер  жетерлік. Өйткені, Астанадағы атышулы «Шанхайдан» бастап «Шарын», «Алаш», «Әмір» секілді бес ірі сауда үйінің айналасындағы қызыл сызықтан асып кеткен 160-қа жуық сауда орны бұзылады. Әрине, бұған сатушылар наразы.

- Мәселен мына дала базары да заңсыз. Бұл жерде негізі көлік тұрағы болуы керек. Бірақ, жабайы сауданың көркін қыздырғандар табысты орнымыздан кетпейміз деп отыр. Өйткені, мұндағы сауда нүктесінің ақысы арзан, әрі клиент көп.

Бірақ жол бойында тұрғандарға орынды босатудан басқа амал жоқ. Өйткені ереже бойынша трассадан  45 метр радиустағы жер мемлекеттікі. Ал оны жалға беріп, қалтасын қампайтқан базар қожайындары да айыппұл арқалайтынын айта кетейік. Оның үстіне қалай болса солай қойылған контейнерлер Елорданың көркін кетіріп тұр. Сондықтан ондағы сатушылардан бастап, донер самса дүңгіршектері мен дәмхана иелері де орындарын небары үш күннің ішінде босатып үлгеруі тиіс.

Ерлан Қаналимов, Байқоңыр ауданының әкімі:

- Екі апта, бір ай беруге болатын еді. Қазір күзгі уақыт білесіздер, біз абаттандыру жұмысын бастау үшін, асфальт төсеу үшін қолайлы ауа райы керек. Сол үшін басты мақсат жауын шашынға дейін, суық түскенше дейін осы шаруаны атқарып тастау.

Қазір заңсыз делінген сауда орындарын қирату жұмыстары басталып кеткен. Ал аяқасты жұмысынан айырылғандарға басқа орын ұсынылып жатыр. Егер сатушылар оған көнбесе, күштеп қуылмақ. Айта кетейік, бұл Елорданың сол жағалауын жалтырата бермей, қаланың шет-шетін ретке келтіруге уәде берген жаңа әкім Бақыт Сұлтановтың алғашқы шаруасы. Енді тура бір ай ішінде мұнда жабайы базар орнына, автокөлік тұрақтары салынбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде