{metadescription}
Түркістан қалай түрленеді?
Түркістан қалай түрленеді?

Түркістан қалай түрленеді?

Осы тұста Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің  ең киелі жерлерінің бірі –  Түркістанды дамыту туралы құжатқа қол қойды. Президент күнгейдегі сапары барысында өңірде экономикалық аймақ бой түзейтінін де айтты. Түркістанды түрлендіруге түрткі болатын факторларды алға тартып, туристер легіне де дайын болу керегін ескертті.

 
Түркістан жаңа облыс орталығына айналғалы Президенттің киелі шаһарға жұмыс сапарымен алғаш келуі. Көне қала лауазымды қонақты қарсы алу үшін барынша дайындалғаны бірден көзге түседі. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың 8 айға жасаған есебін тыңдаған соң, Президент Түркістанды дамыту үшін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойғанын жергілікті жұрт алдында айтып берді.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Бірінші ол Түркістан қаласын негізгі даму жобасын бекіту үшін мен жарлыққа қол қойдым. Екінші жоба еркін экономикалық аймақ жариялансын деп оған да қол қойдым. Осының барлығы, аман болсақ, 1-2-3 жыл ішінде Түркістан жайнап басқа қала болып еңсесі көтеріліп бәріміздің қуанышымызға өсіп-өркендейтін болады.

 
1338 гектарды құрайтын экономикалық аймақта ақша салам деушілерге инфрақұрылымы дайын учаскелер 25 жылға жеңілдетілген салықпен берілетін болды. Осы орайда шетелдерден 1 миллиард 700 миллион миллиард доллар инвестиция тарту жөніндегі құжатқа қол қойылған. Шымкент облыстан бөлініп шыққан соң өңірдің экономикалық әлеуеті әлсіреп өзінің 20 пайыз қажеттілігін ғана қамтып отырғанын алға тартқан
Нұрсұлтан Назарбаев, кәсіпкерлікпен қатар туризмді дамытуды да тапсырды. 
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
-Керемет туристердің көп келетін, Қазақстанның барлығының келіп тұратын басқа елдерден де келіп, көріп тұратын қаласына Түркістан айналатын болсын. Осыған бәріміз жұмыс істейік. Қаланың әдемі болуы, жақсы болуы тек қана оның ғимараттарымен емес, осы тұрған халықтардың мәдениетімен парасатымен болады.Облыс орталығы халқының мінезі басқа болады, тәртібі басқа болады. Дүниесі басқа болады. Сондықтан соған сай болуға тырысыңдар.  

 
Түркістанға турист тарту демекші, жуырда ғана Йоханнесбургте өткен жиында, 48 елдің дауыс беру нәтижесімен Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі, Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесі әлемде туристер тамашалауға асығатын орындар тізіміне енді. Ұйымдастырушылардың сөзінше бір аймақтан бірнеше нысанның бірден тізімге енгені бұрын-соңды болмаған. Яғни енді Түркістан өлкесіне турист қаптағалы тұр.
Мың жарым жылдық тарихы бар қала жаңа даму сатысына түскені анық. Статусы өзгерген соң халқы көбейіп, 2 мыңға жуық пәтерге шақталған көпқабатты үйлер салынып жатыр. Әзірше бизнес, медицина орталықтарының ғимаратында қызмет етуге мәжбүр мемлекеттік қызметкерлер де осы жерден орын теппек. Бұл мақсатқа 60 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде