{metadescription}
Үкімет Қазақстандағы қасиетті жерлерді мемлекеттің қарауына алмақ
Үкімет Қазақстандағы қасиетті жерлерді мемлекеттің қарауына алмақ

Үкімет Қазақстандағы қасиетті жерлерді мемлекеттің қарауына алмақ

Шенеуніктер жұрт ем іздеп жиі  аралайтын әулие ағаш, киелі бұлақ, үңгірлерді  ресми тіркеп, заңмен қорғамақшы.  Мәдениет министрлігі әзірлеген құжатпен  бүгін Мәжіліс танысты.

 Берік Әбдіғалиұлы, қоғам белсендісі:

 - Болашақта киелі жер деген дәрежесін алған орындар мемлекетпен қорғау алынып, арнайы статус  беріледі.  Жергілікті, республикалық бәрін қосқанда 600 киелі жер тізімі анықталған, мақұлданған. Республикалық комиссия мақұлдаған. Енді соны бекіту үшін  заңға арнайы бап енгізіледі.

 Мәселен, Түркістан облысындағы «Ақмешіт » үңгірі, Үкаша ата құдығы, Алматы облысындағы «Киелі ағаш», қасиетті бұлақтардың әулиелігін қарапайым адамдар ғана емес,  шенеуніктер де ресми түрде мойындамақ. Сөйтіп, мемлекеттің қамқорлығына алады. Және дертіне дауа, басына бақ, перзент сұрай келгендердің   киелі жерлерде  түнеп, тағзым етуіне жағдай жасалады.  Оған жергілікті әкімдік жауапты. Шенеуніктер әзірге мұндай  орындарды адамның жүріп-тұруына ыңғайлау үшін қанша қаржы жұмсалатынын есептемепті. Депутаттар болса, қасиеттілердің қатарына   Динаның домбырасын, сирек кездесетін кітаптарды  да қосуды ұсынды.

 Нұрлан Дулатбеков, Мәжіліс депутаты:

-Біз жаңа ескерткіштер  туралы ғана айтып отырмыз ғой. Оның сыртында жатқан керемет нәрселер де бар. Мысалы, Қазыбек бидің шапаны, Динаның домбырасы дегендей. Бұлардың барлығы мәдени мұра ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде