Ақтауда менингитке байланысты әскери бөлімде карантин жарияланды
Ақтауда менингит жұқтырған жауынгер ауруханаға түсті. Оның хәлі өте нашар дейді дәрігерлер. Қазір ес-түссіз жатқан сарбаз жасанды тыныс алу апаратына қосылған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
01.10.2018
Дәрігерлердің айтуынша, 21 жастағы науқас Бауыржан Елкүндиев 30-шы қыркүйек күні 66-55 әскери бөлімінен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ол үш күн бойы өзінің басы ауырып, дене қызуы көтерілгенін айтқан. Алғашқы белгілері менингитке ұқсағандықтан, мамандар дереу тексеруге алып, ақыры күдік расталды. Қазір ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Тіпті туыстарын да маңына жолатпай жатыр. Сондай-ақ бұл жұқпалы инфекция болғандықтан, науқаспен қарым-қатынаста болған 355 жауынгер де тексерілетін болды. Ал осы жағдайдан кейін әскери бөлімде карантин жарияланған.
Болат Каюпов, Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры:
-Бұл менингит болғанымен инфекцияның нақты қай түрі екенін айта алмаймыз әзірге. Бірнеше сараптама тағайындалды. Қорытынтысы кейінірек айтылады. Қазір науқас және онымен жақын қатынаста болған жауынгерлер де біздің қатаң бақылауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!