{metadescription}
"Бұйрықты орындадық": Храпуновтың сыбайластары не үшін өкінді?
"Бұйрықты орындадық": Храпуновтың сыбайластары не үшін өкінді?

"Бұйрықты орындадық": Храпуновтың сыбайластары не үшін өкінді?

Атышулы Храпуновтар ісі бойынша сот үкімі кейінге шегерілді. Бүгін осы іс бойынша экс-әкіммен ым-жымы бір болды деп жауапқа тартылған 9 әріптесі соңғы сөзін айтты. Виктор Храпуновтың бұйрығын орындадық деп ағынан жарылған экс-шенеуніктер істегендеріне өкініп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы судьядан Виктор Храпуновқа 20 жыл, оның зайыбы Лейлаға 17 жыл жаза беріп, дүние-мүліктерін тәркілеуді сұраған еді.

Басты айыпталушылар - Виктор және Лейла Храпуновтар сырттай істі болып жатыр. 10 жылға созылған атышулы істе экс-әкіммен ым-жымы бір болып, бюджет қаржысын жымқырды, мемлекеттің жылжымайтын мүлігін иеленді, пара алды, қылмыстық топқа қатысы бар деп айыпталған 9 адам барлық дәйектемелерін ұсынып үлгерді. Сотқа түгел келген экс-шенеуніктер соңғы сөз айтуға тыңғылықты дайындалыппты.

Яков Зайцев, айыпталушы:

-Бастығым Виктор Храпуновтың бұйыруымен ғана әрекет еткенімді ескеруіңізді өтнемін. Жерді пайдалану бойынша мыңдаған іс жасалды. Қателіктер кетті. Оған өкінемін. Қылмыстық істі доғаруыңызды сұраймын

Кезінде Алматы қалалық әкімдігінде лауазымды қызметтер атқарған экс-шенеуніктер өзара ымыраласып алғандай. Храпуновтың бұрынғы орынбасары болған Яков Зайцевтің айтқанын басқалары дәлме-дәл қайталады. Барлығы істеген істеріне өкініш білдіріп, бар болғаны бұйрықты бұлжытпай орындадық деп ағынан жарылды. Денсаулығын сылтауратып, тағылған айыптың ескіргенін судьяға ескерткендер де болды.

- Денсаулығым дімкәс. Қоғамға ешқандай зияным жоқ. Қауіпті адам емеспін ғой.

2007 жылы елдің қаржысын жымқырып қашқан ерлі-зайыпты Храпуновтар бүгінде Швецарияда шалқып өмір сүріп жатыр. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 250 млн доллардан асады.

-Шетелде алшаң басып жүрген Храпуновтардың кескіні қазір ұйыққа батқан ұрының кейпін келтіреді. Сотқа бірнеше мәрте шақыртылған басты айыпталушылар соңғы сөздерін айту былай тұрсын, елден жіберілген хабарды елемеген-ді. Ал атышулы қылмыстық істің нүктесі санаулы күннен кейін қойылады.Үкім қазанның 8-інде шығарылады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде