Әбіләзовке қатысты сот Жамбыл облысында өтеді
Миллиардтарды жымқырып қана қоймай, «адам өлтірді» деп айыпталып жатқан қашқын олигархтың қылмыстық ісін Бас прокуратура ауданаралық сотқа жолдап қойған.
Автор: Досжан Маратұлы
02.10.2018
ҚР Бас прокуратурасы:
-Бас прокуратура Мұхтар Әбіләзовтің Қазақстан аумағында болмауына байланысты қылмыстық-процессуалдық кодекстің 304-бабына сәйкес, оның ісі сотқа жолданғанын хабарлайды. Әрі осы заңның 67-бабын негізге ала отырып, Әбіләзовке адвокатты мемлекет тағайындады.
Бірақ атышулы соттың Таразда қашан басталатыны әзірге белгісіз. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Францияда бой тасалаған Әблязов БТА банкінің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталып жатыр. Ол үшін қашқын олигарх 4 миллион АҚШ долларын Мұратқан Тоқмәдиге берген. Осы қомақты қаржыға «шыны королі» 13 жыл бұрын аңшылық кезінде Тәтішевті мылтығымен атып өлтіріпті. Мұны биыл наурыз айында 10 жарым жылға сотталған Тоқмәдидің өзі мойындап, қылмысты Әблязовтың тапсырысымен орындағанын айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!