Көп күттірген «Веном» фильмі бейсенбіден бастап көрсетіле бастайды
Көрермен көптен күткен жыл премьерасы. 4-ші қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында «Веном» фильмі жарыққа шығады. Ішіне симбиот кіріп, жауызға айналған репортердің оқиғасы кімді де болса бей жай қалдырмас. Басты рөлді сомдайтын әйгілі голливуд жұлдызы Том Харди Мәскеуге келіп, туынды туралы ойымен бөлісті.
Автор: Асқарбек Қазанғап
03.10.2018
Күтпеген күндердің бірінде ішіңізге симбиот кіріп, тылсым күшке ие болсаңыз қайтер едіңіз? Бірақ, бұл симбиотта мейірімділіктің жұрнағы да жоқ. Жауыз. Бұл-Веном. Басты рөлдегі тілшіні сомдайтын атақты актер Том Харди, әркімінің ішінде сондай симбиот барын айтады.
Том Харди, актер:
-Фильмнің психологиялық динамикасы ұнады. Өйткені, басты кейіпкер екеу болды. Бірі-адам, екіншісі-өзгепланеталық. Бір денедегі бір біріне ұқсамайтын екеуінің арпалысы айналасына үлкен зардап та әкелді. Бұл тек құбыжық туралы туынды емес. Басты мораль, адамдық пен жауыздықтың айқасында.
Веном - ағылшын тілінен аударғанда "у" деген мағына береді. Ол алғаш рет 30 жыл бұрын шыққан Спайдермен туралы комикстердегі жағымсыз кейіпкер ретінде пайда болған.
Том Харди, актер:
-Веном бір шетінен аңғал бала немесе адал ит секілді. Өйткені, өтірік жанына жат. Не қалайды, соны істейді. Бірақ, ол тек жауыздыққа ғана барады. Парадокс осыда.
Режиссер Рубен Фляйшердің фильмі 2018 жылы көптен күткен премьералардың санатында. Еліміздің барлық кинотеатрында 4 ші қазаннан бастап көрерменге жол тартады. Сіздің де іште арпалысқан симбиотыңыз болса, осы фильмде біраз сұраққа жауап табарсыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!