{metadescription}
Семейде көмір таппай жүйкесі жұқарған жұрт шу шығарды
Семейде көмір таппай жүйкесі жұқарған жұрт шу шығарды

Семейде көмір таппай жүйкесі жұқарған жұрт шу шығарды

Семейліктер көмір таппай қала кезіп жүр.  Айтуларынша, шаһардағы қоймалар қаңырап бос қалған. Тіпті, ондағы қызметкерлердің өзі қара отынның қашан келетіндігін  білмейді. Көмір қоймаларының сыртында көліктердің ұзын-соңар кезегі қалыптасқан. Кезегін өткізіп алмау үшін машина ішінде тәуіліктеп түнеуге мәжбүр.

-Дәл мына тізбектеліп қалған оншақты көлік осы жерде үш күннен бері қаңтарылып тұр. Тіпті, кейбір жүргізушілер кезегінен айырылып қалмау үшін басында түнеуге мәжбүр. Олар Семейден не бірі 130 шақырым жерде көмір өндірілгенімен уақытылы жетпей жатқанынан наразы.

Бүгінде көмірдің келуін тәуіліктеп күткен жүргізушілердің жүйкесі жұқарған. Өйткені, қоймаға аптасына бір рет 5 вагон жеткізіледі. Айтуларынша, оның әр қайсысында 60 тоннадан ғана бар.Ал, бұл ары кеткенде 20 көліктен артылмайды екен. Сондықтан, жүргізушілер оны алып үлгеру үшін бірін-бірі қағуға дейін барып жатыр.

Жұрт бұл дүрбелеңді қатты отынның бағасын көтеру үшін қолдан жасап отырғанын айтуда. Әзірге, оның бір тоннасы 7 жарым мың теңгені құрағанымен, қар түскенде ол қымбаттауы мүмкін. Ал, сарғайғанда бір келетін көмірдің өзі сапасы сын көтермейді дейді ел.

Жанатқали Сыбанғалиев, тұрғын:

-Бір жұма болды келгеніме. Кеше көмір келіп еді. Ылғи тас. Ұсақ құм сияқты. Оны қалай аламыз?

Қазіргі уақытта, шаһардағы көмір төгетін қос қойма қаңырап бос жатыр. Тіпті, мұндағы қызметкерлердің өзі, оның қашан болатынын нақты дөп басып айта алмады.

- Күнде ертеңмен шығарып салады. Құр уәде бітпейтін.

Әйтседе, жергілікті атқамінерлер Қаражырадан тәуілігіне 16 вагон көмір келуде деп ақталды. Айтуларынша, оның өзі қасқағым сәтте талан-таражға түсіп жетпей жатқан көрінеді. Шенеуніктер бұл дүрбелеңді күннің суытқанымен байланыстырып отыр.

Елена Проскурякова, Семей қалалық ТКШ және тұрғын үй  инспекциясының бас маманы:

-Көмірге деген сұраныс артып кетті. Бұл күннің күрт суытқанынан болып отыр. Қазір, жұртты көбі өздері жаттап алған Знаменка тас жолындағы және Шығыс кентінде орналасқан қоймаларға ғана барады. Оларға, 72-ші ықшамауданда да қойма ашылғанын ескерткім келеді. Ал, көмірдің сапасына біз жауап бермейміз.

Осылайша, жергілікті билік қарапайым жұртты көмірмен қамту үшін арнайы қойма ашқандарында жеткізді. Алайда, жұрт мұны көз бояушылыққа балап отыр. Себебі, онда көмірдің бір тоннасы 8,600 теңгеге жеткен. Оның үстіне, өздері тиеп әкету үшін сырттан көлік кіргізбейді.Тек, телефон арқылы кезекке тұруға ғана мүмкіндік бар дейді. Сондықтан, көмір шығаратын орындарды қатаң бақылауға алуды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде