{metadescription}
Алматылық тәрбиеші балаларға неліктен  қол жұмсағанын  түсіндірді
Алматылық тәрбиеші балаларға неліктен  қол жұмсағанын  түсіндірді

Алматылық тәрбиеші балаларға неліктен қол жұмсағанын түсіндірді

Алматыда балаларға қол жұмсаған мектеп-интернаттың тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Қатаң тәртібімен танылған тәрбиешінің оқушыларды ұрып-соққан сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен еді. Педагогтан жәбір көрген баланың анасы тәрбиешіні сотқа берді. Алайда, оқушыларды жұлқылап, шапалақпен тәртіпке салған қызуқанды мұғалім бұл әрекетке мәжбүрлі түрде бардым деп жыларман болып отыр.

 -19 қыркүйекте интернаттың алаңында ойнап жүрген оқушылар мына үйдің итіне тас лақтырыпты. Алайда, тас үйдің иесіне барып тиген. Ол бұзықтарды жазалау үшін интернат басшылығына шағымданыпты.

Осы жағдайдан кейін оқушыларды тәртіпке салмақ болған тәрбиеші әлеуметтік желіде жұлдызға айналып шыға келді. Видеода қатал педагог үш оқушыны тақта алдына шығарып, сыныптастарының көзінше оларды түрткілеп, айғалап жатыр.Тіпті бір баланың бетін шымшып, шапалақпен аямай соққан.

Тентек тәрбиешіден жәбір көрген 5 сынып оқушысы Әділеттің анасы Қаламқас Жұмабекқызы видеоны  көріп, шошып кетіпті. Сол оқиғадан кейін өз-өзіне келе алмай жүрген жалғызбасты ана шектен шыққан тәрбиеші заң алдында жауап беруі тиіс дейді. Себебі, балаларға теперіш көрсетуі бірінші рет емес екен.

Қаламқас Жұмабекқызы, Әділеттің анасы:

-Кейбір ата-аналардың айтуынша, балаларының   аузына  дейін түкіріп  каблугымен тебеді екен.  Бір бала дұрыс жүрмесе, барлығын жазалайтын көрінеді.  Баламды мен қорғамасам, ешкім қорғамайтынын көзім жетіп, органдарға арыз жаздым. Әділдік талап етем.

Тақтада басын шұлғи мұғалімнің айғайын естіп тұрған Гауһардың атасы Мантай Төлегенов та алғашында ашуға мінген. Алайда, интернат басшылығымен тілдесіп, тәрбиешіні бір жолға кешіріпті.

Мантай Төлегенов Гаухардың атасы:

- Баланың қасында жүретін адамдар дұрыс болу керек. Балаға қол көтеру дұрыс емес. Әке-шешесін шақырып, балаларың осындай деп айтқан дұрыс болар еді.

Жағдайы төмен отбасылар білім алатын №10 мектеп-интернаттың басшылығы шу шыққан соң ашушаң тәрбиешіні жұмыстан дереу босаттық деп отыр. Оқу ордасындағы айғай-шуды кеш естідік деген директордың орынбасары педагогтың бұрын-соңды ерсі қылығын байқамадық дейді.

Рыскүл Өмешова №10 жалпы білім беретін интернат дирекорының орынбасары:

-Ата-аналардың өзі екіге бөлінді. Біреулер қалдырыңыз деді, біреулер шығарыңыз деді. Бірақ біз педагогикалық тәрбиеге жатпағандықтан оны жұмыстан шығардық. Оны жақында тарих  мұғалімі қылып  алдық. Осы уақытқа дейін тәрбиеші болып істеген. Еңбек өтілі  6 жыл.

Қатаң тәртібімен танылған тәрбиеші айтар өз уәжі бар. Ол бар болғаны балаларды жамандықтан арашалап қалуға тырыстым дейді.

Динара Сәденова:

- Мен өзім шешейін дедім жағдайды. Балаларды сыныпқы кіргізіп, ұрыстым. Қолым ашумен тиіп кетті.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш мектеп-интернатын қалалық білім басқармасы бақылауға алып, Динара Сәденова бұдан былай тәрбиеші қызметінен аластатылады.Ал, баламды ұрды деп арызданған ана тәрбиеші жазасыз қалмауы үшін күш саламын деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.