Астанада науқасты тепкілеп тастаған терапевт жұмыстан қуылмақ
Астанадағы Орталық теміржол ауруханасында дәрігердің науқасты тепкілеген видеосы тарағаны сол еді , басшылығы бірден қызметінен босатқан.
Автор: Жәудір Оразхан
03.10.2018
Таяқ жеп жерде жатқан адам басынан жарақат алып, ауруханаға келген екен. Дәрігерлер оны тексеріп, алғашқы көмек көрсетеді де үйіне жібереді. Алайда,спирттік ішімдік ішкен азамат бірнеше сағаттан соң ауруханаға қайта оралады. Сөйтіп, мейірбикеден ұялы телефонын талап етеді. Кейін кезекші терапевпен ерегесіп, ақыр соңы төбелеске ұласады. Науқас дәрігерді балағаттап, жақындарына тіл тигізген екен. Ашуға булыққан 26 жастағы терапевт науқасты тепкілеп тастаған. Үш жылдан бері теміржол ауруханасында жұмыс істеп жүрген ақ халаттыға қатысты іс қозғалған.
Сергей Демочкин, Орталық теміржол ауруханасының бас дәрігері:
-Қалай болғанда да біз дәрігердің ісін ақтамаймыз. Бірақ науқас кезекші терапевтің әбден намысына тиген. Төбелеске итермеледі. Дегенмен, медициналық этиканы бұзғаны үшін дәрігер жұмыстан шығады. Полицейлерден бөлек ауруханана да ішкі тексеріс жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!