Президенттерге арналған көліктің рахатын маңғыстаулық шенеуніктер көріп жүр
Ақтаудағы саммит кезінде сатып алынған 5 бірдей Toyota Land Cruiser-200 үшін жүз миллионнан астам теңге жұмсалды.
Автор: Жаңалық Ахаш
03.10.2018
Халықаралық деңгейдегі шараларға қыруар қаражат жұмсалатыны белгілі. Осы ретте Каспий саммиті кезінде маңғыстаулық шенеуніктер мемлекет басшылары мінетін көлік үшін аянып қалмаған. Бірақ үш күндік шарадан соң сол Toyotaлар өздерінде қалды. Оны әкімдіктің қызметіне пайдалануды жөн санапты. Бірақ аймақтағы қоғам белсенділері оны құптамай отыр. Олардың сөзінше, қазына қаражатын үнемдеп, көлікке кеткен шығынды қайта сатып өндірсе дейді. Айта кетелік, су жаңа Toyota Land Cruiser-200 көлігінің бағасы қазір 25 миллионнан басталып, 32 миллион теңгеге жетеді.
Мұхтар Үмбетов, қоғам белсендісі:
-Аймағамызда шешімін таппай жатқан әлеуметтік мәселелер жетерлік. Көлікке бола қыруар қаржы жұмсағаннан гөрі соны реттеп алу керек еді. Қазынадан кеткен ақша желге ұшқанмен бірдей қазір.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!