Жолдау елде қызу талқыға түсіп жатыр
Мемлекет басшысы алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Сөйтіп, келешек ел тағдырын ұстайтын жастарға қазірден барлық салалар бойынша қолдау білдіруге шақырды. Президенттің бұл бастамасына жастар жағы зор алғысын білдіріп жатса, кәсіпкерлерге қолдау көбейгенін сенаторлар зор табысқа бағалап отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.10.2018
Дәулет Кәрібек, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:
-2050 жылы Қазақстанды құрайтын қазіргі 19 бен 24 жас аралығындағы жастар. Сол кезде өмір сүретін де біздің жастар. Сондықтан да осы 2050 жылы Қазақстанды құру және де онда өмір сүру тарихи мүмкіндігі бізге, жастарға беріп тұрғандықтан, 2019 жылды жастар жылы деп атау өте орынды деп ойлаймын.
Сәрсенбай Еңсегенов, Сенат депутаты:
-Қазіргі кезде балық шаруашылығын дамыту, оның ішінде балықты өңдеуші кәсіпорындарға қолдау өте қажет. Себебі, балық өніміне деген сұраныс шетте өте жоғары. Сондықтан, Президенттің бүгінгі жолдауы оның қаржылай жағынан қолдау табуы осы ауылдық жердегі шағын кәсіпорынды, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге үлкен серпін береді деген ойдамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!