Алматы хайуанаттар бағындағы аң-құстың қатары көбейді
Қала қонақтары мен тұрғындардың көзайымына айналған жан-жануарлардың әрісі Франция мен Чехия, берісі Ресейден жеткізілген. Тіпті, мамандар кейбірі қазақ топырағына алғаш рет әкелінгенін айтады. Ал жақында ғана дүниеге келген керіктің төлі қазір ширап, қатарға қосылды дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.
Автор: Мақсат Мәлік
08.10.2018
Бұл кішкентай керік хайуанаттар бағында көзін ашқан 14-ші төл. Бір қызығы, дәстүр бойынша оған берілетін есім тұрғындардың таңдауы арқылы жүзеге асырылады. Ал сары түсті сусарды әлемдегі мықты деген хайуанаттар бағынан кезіктіре алмайсың. Сусардың жойылып бара жатқан бұл түрі Ресейдің қызыл кітабына енген. Жабайы табиғат арасынан жаралы күйінде табылған жыртқыш сүтқоректіні ветеринарлар бағып-қағып, Қазақстанға жөнелтіпті. Сондай-ақ, жаңадан әкелінген 6 маймылдың әрбір әрекетін тамашалаған балалар да мәз-мейрам. Ал мамандар мадагаскарлық алып жыланды бірінші рет көпшілікке көрсетіп отыр. Сирек кездесетін бауырмен жорғалаушының ұзындығы бір жыл ішінде 2 метрге дейін жетеді.
Исраил Исаев, Алматы хайуанаттар бағының қызметкері:
-Мұны бізге Франциядан алып келді. Яғни, Алматы хайуанаттар бағына мадгаскарлық үлкен жыланның төртеуі жеткізілді. Біреуін алып шықтым, қалғанын ана әйнектің ішінде. Қорықпай қолмен ұстауға болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!