Нью-Йоркте той кортежі аударылып адамдар көз жұмды
Нью-Йоркте лимузин аударылып, соның салдарынан жиырма адам қайтыс болды. Қайғылы жағдай Скохари қаласының маңында болған. Той көлігінде 18 адам отырыпты.
08.10.2018
Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соғылып аударылған. Машинадағы 18 жолаушы да көз жұмды. Және сол маңнан өтіп бара жатқан тағы екі адам көлік астында қалып, жан тапсырған. Лимузинда болғандардың барлығы үйленіп жатқандардың туыстары мен достары. Ал жас жұбайлардың өздері басқа көлікте отырған. Бұл АҚШ та соңғы тоғыз жылда болған ең ірі жол апаты. 2009 жылы Баффола қаласындағы көлік қақтығысынан 50 адам өлген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары