{metadescription}
Семейліктер көмір сапасына қатысты шенеуніктерді жерден алып жерге салды
Семейліктер көмір сапасына қатысты шенеуніктерді жерден алып жерге салды

Семейліктер көмір сапасына қатысты шенеуніктерді жерден алып жерге салды

Семейде жергілікті шенеуніктер көмір қоймаларына рейд жүргізді. Алайда жауаптылар олардың келетінін білсе керек, қаңырап бос жатқан қоймалар қара отынға лық толып тұрды. Дегенмен, ашуға булыққан жұрт атқамінерлерді жерден алып жерге салды. Олардың айтуынша, тау болып үйліп жатқан көмірдің сапасы сын көтермейді. Тіпті келгендерге оның ішінде тастың көп екеніне дейін көрсетті.

Жұрт шенеуніктерге тау болып үйліп жатқан көмірдің арасынан адам көтере алмайтын тастарды алып шықты. Оның үстіне, қара отын күлдей ұсақ. Сондықтан дүрліккен тұрғындар атқамінерлерді сұрақтың астына алды. Әсіресе, жергіліктің биліктің бір қойманың өзіне күніне 5 вагон көмір келеді деп таратқан ақпараттары олардың шымбайына батқан.

- Неге өтірік айтасыңдар? Күнде 5 вагон келеді деп.

- Күнара да ешкім келмейді.

Осылайша, ашуға булыққан тұрғындар рейдке шыққан қала әкімінің орынбасарын біраз састырды. Ал өз кезегінде шенеунік, қараша халыққа шаһарға күнделікті 16 вагон, яғни 1200 тонна көмір жеткізіліп жатқанын түсіндіріп бақты. Бірақ мұның  барлығы сұраныс артқандықтан қас-қағым сәтте талан-таражға түсуде дейді атқамінерлер.

Николай Ушаков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

-Басты кезекте жұртты көмірмен қамту көзделіп отыр. Оларға жоғарғы бағада саудалайтын алыпсатарлар емес, жауаптылар тікелей жеткізу керек. Мұны біз  қатаң бақылауға алатын боламыз. Сондай-ақ, вагондардың уақытылы келуін де назардан тыс қалдырмаймыз.

Сондай-ақ, шенеунік маңызды нысандардың қажетті қара отынмен толық қамтамасыз етілгенін жеткізді. Мысалға, бір қыркүйек айының өзінде шаһарға 45 мың тонна көмір әкелінген. Ал бұл көрсеткішті қазан айында 50 мың тоннаға жеткізу жоспарланыпты. Сондықтан атқамінерлер қалың бұқараны көмірсіз қалдырмаймыз деп ант-су ішіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.