{metadescription}
Оралда оқушылардың жаппай неден уланғаны белгілі болды
Оралда оқушылардың жаппай неден уланғаны белгілі болды

Оралда оқушылардың жаппай неден уланғаны белгілі болды

11 сыныпта оқитын қыз мектепте газ баллонын шашып ойнаған. Соның кесірінен 15 бала мен бір мұғалім ауруханадан бір-ақ шықты.

Қазір оқушылардың жағдайы жақсы. Сабақтарына келіп жүр. Ал уланған ұстаз әлі ем алып жатыр. Тәртіп сақшылары тентек қыздың үстінен бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғаған. Мектеп басшылары болса, онымен бөлек жұмыс істеп, тезге саламыз деп отыр. Бірақ полицейлердің іс қозғағанынан олар бейхабар екен. Үш күн бұрын Оралдағы бір сыныптың оқушылары дәлізден кірген иістен уланып қалған еді. Дереу сабақ тоқтатылып, 300 баланы үйіне қайтарған. Мектептегілерді әбігерге салған жоғарғы сыныптың оқушысы енді жазаға тартылады.

Кәмшат Серікқызы, Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің инспекторы:

-Полиция қызметкері тексеру нәтижесінде аталған мектеп оқушысының газ баллонын шашқаны анықталды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 293 бабы бірінші бөлімі бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде