{metadescription}
Kaspi.kz: Қазақстандағы ең ірі интернет-алаң деп танылды
Kaspi.kz: Қазақстандағы ең ірі интернет-алаң деп танылды

Kaspi.kz: Қазақстандағы ең ірі интернет-алаң деп танылды

Форбс журналы мен Бейкер Тилли консалтингтік компаниясы электрондық коммерция нарығындағы ең мықты ойыншылардың рейтингін жасау кезінде осындай қорытынды жасады.

Халықаралық Форбс басылымы мен Бейкер Тилли консалтингтік компаниясы елдегі ірі сауда алаңдарының рейтингін жасады. Kaspi.kz  бұл рейтингте 1 орында.

Рамина Назырова, Директор Baker Tilly Kazakhstan Advisory:

-Бейкер Тилли жыл сайын электронды коммерция рейтингін жасайды. Біздің соңғы рейтингте 2017 жылғы табысы бойынша Kaspi.kz Авиатадан 2,5 есе алға шығып, үздік 1 болды.

Марк Смит, Басқарушы директор Deloitte, Каспий аймағы:

-Kaspi мен оның менеджменті бизнеске инновациялық тәсілдемесімен ерекшеленеді. Ол инновациялық ритэйл экожүйеге трансформацияланды. Бұл ерекше тәжірибе Қазақстанды болашақтың инновациялық картасына енгізеді.

Қазір қазақстандықтардың көпшілігі өмірін Kaspi.kz-сіз елестете алмайды. Миллиондаған отандасымыз комиссиясыз төлем жасап, үйге жеткізу қызметімен бірге онлайн сатып алады және жеке қаражатын басқарады. Мұның барлығы ұялы телефондағы  Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүзеге асады. Жақында ғана Kaspi бөлімше маңдайшаларындағы  атауын  өзгертті. Kaspi Bank-тің орнына енді барлық жерде Kaspi.kz.

-Бөлімшелеріңіздің маңдайшасында жаңа ат пайда болды. Бұрын Kaspi Bank еді, қазір Kaspi.kz. Сіздер енді банк емессіздер ме?

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:

-Өте жақсы сұрақ. Бұл біз үшін біздің банктен де жоғары екенімізді тағы бір айшықтаған маңызды шешім, үлкен стратегиялық қадам болды. Каспи банк бізде қаржылық қызмет көрсетеді, бұл онлайн төлем, интернет магазин, бонустық бағдарламалар және 2,2 миллион белсенді қолданушысы, елімізде сұранысқа ие, танымал ұялы қосымшасы бар үлкен компанияның бір бөлігі ғана. Сондықтан біз  маңдайшадағы атауды  өзгертер кезде біздің бизнесіміздің негізі жәй ғана банк емес, kaspi.kz екенін анықтап көрсеттік.

-Алдағы 10 жылдық  дамуды қалай елестетесіз?

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:

-Ең бастысы, біздің бизнесіміздің негізінде kaspi.kz және технологиялар, интернет, бәрі әдемі, түсінікті болуы үшін дизайн тұр. Және біздің миссиямыз ешқашан өзгермейтіні түсінікті. Ол ең үздік технология, дизайнға және kaspi.kz-ке негізделген, сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту тиіс біздің қызметтер мен  өнімдер.

Қазір Kaspi-ді қазақстандық Amazon мен Alibaba және ең инновациялық компания деп айтады. Компания қызметіне 10 жылдан асса да  Kaspi стартап ретінде жұмысын жалғастыруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде