Шымкенттен сайланған қос депутаттың Астанадағы өмірі қалай өзгереді?
Парламент шымкенттік екі сенатормен толықты. Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров үшінші мегаполисте қазанның 5-і күні өткен сайлау нәтижесінде басым дауысқа ие болған.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.10.2018
Сенаттың сертификаты мен куәлігі оларға бүгін салтанатты түрде табысталды. Ол дегеніңіз енді су жаңа екі сенатор миллион теңге шамасында жалақы алып, сонымен бірге мемлекет тарапынан тегін баспана мен қызметтік көлік және басқа да әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі деген сөз. Дархан Сатыбалды 1974 жылы дүниеге келген. 2010-2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінде департамент басқарып, 2011 жылы премьер-министрдің Кеңсесінде бөлім меңгерушінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен бірге, Шымкенттің әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ретінде де танылған. Ал Нұрлан Бекназаров 1964 жылдың тумасы. Бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!