{metadescription}
Астанада депутаттар бірнеше сағат бойы жарықсыз отыруға мәжбүр болды
Астанада депутаттар бірнеше сағат бойы жарықсыз отыруға мәжбүр болды

Астанада депутаттар бірнеше сағат бойы жарықсыз отыруға мәжбүр болды

Өйткені құрылыс жүргізіп жатқан ауыр техника электр желісін зақымдап, соның салдарынан халық қалаулылары тұратын баспана мен ондаған тұрғын үй кешені мен елшіліктер орналасқан аудан қара түнекте қалды.

Апатты жағдай кешкі сағат жетілер шамасында болған. Ауыр техника электр желілері тұрған жердің қақпағын басып кетіп, ішіндегі желілер жапырылып, өртеніп, күйіп кеткен. Ол бір электр стансасының жұмысын тоқтатып, соның кесірінен сол жағалаудың біраз бөлігі жарықсыз отырды.  Бірнеше тұрғын үй кешені мен депутаттар тұратын «Нұрсаяда» және министрліктер үйінің алдындағы бағдаршам да жұмыс істеуден қалды. Маңызды ғимараттар 6 сағатқа жуық жарықсыз отырды. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов түн ұйқысын бөліп орынбасарымен бірге апат болған жердің басына жетіп келді. Тек сағат түнгі 2 жарымның кезінде ғана жөнделіп, станса іске қосылды. Ал осы аралықта келтірілген шығынның бәрін бизнес орталық салып жатқан құрылыс компаниясының мойнына жүктелмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде