{metadescription}
Сағадиев ауыр сөмкені қалай жеңілдетпек?
Сағадиев ауыр сөмкені қалай жеңілдетпек?

Сағадиев ауыр сөмкені қалай жеңілдетпек?

Оқушылардың ауыр сөмкесіне қатысты мәселе Үкіметте қозғалды! Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев кішкентай ұл-қыздардың мектепке мықшыңдап көтеріп баратын зілдей жүгін жеңілдетуді қатаң тапсырды. Ал Білім министрі әр білім ошағына шкаф орнатамын деп отыр. Шәкірттер мектептен шығарда сол жерге кітап дәптерлерін тастап кетеді екен.  Сондай-ақ, Білім министрлігі президенттің жолдауына сәйкес мектеп пен балабақшалардағы былықты дереу ретке келтіруі тиіс.

Білім министрлігіндегілердің оқушылардың сөмкесін жеңілдетеміз дегелі қашан. Бірақ белі майысқан ұл-қыздар мектеп пен үй арасында ауыр кітап тасып, әлі қиналып жүр. Сондықтан бұл іске премьердің өзі араласып, шаруаны атқара алмай отырған еліміздің бас ұстазы Ерлан Сағадиевке шүйлікті.

Бақытжан Сағынтаев, Премьер-министр:

- Салмағы ауыр кітаптардың. Электронды оқулықтар дейміз. Ол кітаптардың өзі барлық пән бойынша жоқ. Сондықтан жасадық деп жатырмыз. Бірақ, шын мәніне келгенде жұмыс істемейді олардың бәрі. Есесіне, төменгі бастауыш сыныпта оқитын кішкентай балаға  үлкен салмақ.

Сөмкенің ауыр екенін ата-аналар да айтып, ұл-қыздарының денсаулығына алаңдап жүр. Мәселен, Салтанат Тәжиева 7 жасар қызының сөмкесін өзі арқалап жүреді. Өйткені 1-сынып оқушысына онға жуық кітапты көтеру қиын.

Салтанат Тәжиева, ата-ана:

– Бірінші сыныптың балалары, 6 жастағы балалар, олар кішкентай, нәзік қой.  5-5 жарым келі  700 грамм сөмкені  көтереді. Ол жерде сөмкенің  салмағы кіреді, ішетін суы бар, дене шынықтыру сабағына киімі бар және кітап-дәптерлері бар. Осының барлығын қосқанда 5 жарым келіден  асып кетеді.

Ал Білім министрлігі бекіткен талап бойынша 1-сынып оқушысының сөмкесі 2 келіден аспауы керек. 2-4-сыныпта оқитындардыкі 3,5 келіден, ал 5 пен 9 сыныпқа дейінгілердікі 4 келі, 10-11-сыныпта оқитындарға  6 келіге дейін ғана көтеруге болады.

Бірақ бұл ереженің бұзылғанын министр де мойындап отыр. Енді ұл-қыздарға ауырпалықты азайту үшін, біраздан бері айтып жүрген сөрелерді орнату керек дейді.

Ерлан Сағадиев, Білім және ғылым министрі:

-Қағаз оқулықтарды оқушылар 50-60 жыл бойы тасып жүр. Біз де тасыдық. Мәселені шешудің жолы арнайы шкафтар яғни кітаптарды қалдыратын орын салу. Оны класта болмаса, коридорда салуға болады.

Ал әзірге мұндай сөрелер мақтаулы жеке меншік мектептерде ғана бар.

Мұндай сөрелер оқушы үшін өте қолайлы. Өйткені кітабы ғана емес, дене шынықтыруға киетін киіміне дейін осында қояды. Яғни ұл-қыздар ауыр оқулықты үйіне тасып жүрмейді. Тек керек кезде ғана алады.

Енді мұғалімдер осындай шкафтарды басқа мектептерге де жылдамырақ орнатса дейді.

Аяулым Мэлс, мұғалім:

-Бұл бюджетке де қатты әсер етпейді деп ойлаймын. Өйткені бұл жәй ағаштан жасалған шкафтар. Оны қойса, балаға да, мұғалімге де, ата-анаға да жақсы сенімді болады. Өйткені бала кейде үйде ұмытып кетеді затын.

Сағадиев мұндай шкафтарды бір жылда барлық білім ошақтарына орнатамыз деп отыр. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінуі тиіс. Сондай-ақ, министр тозығы жеткен мектептерді жөндеп, үш ауысымдық оқудан да құтыламыз деп сендіріп отыр. Ол үшін бюджеттен алдағы үш жылға 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде