{metadescription}
«Союз» ғарыш кемесінің бөлшектері іздестіріліп жатыр
«Союз» ғарыш кемесінің бөлшектері іздестіріліп жатыр

«Союз» ғарыш кемесінің бөлшектері іздестіріліп жатыр

Сапары сәтсіз болған «Союз» ғарыш кемесінің апатының  негізгі себептері айтылды. Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға   қапталдағы бөліктерінің нашар бекітілуінен болуы мүмкін. Апаттың себеп салдарын анықтау үшін Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасында бірлескен комиссия құрылды.

Ғарыш кемесі Астана уақытымен 14:50-де Байқоңырдан көкке көтерілгеннен кейін NASA мен Роскосмос тікелей эфирде бақылап отырған. Біраздан соң диктор «апат» деген сөзді айтып қалады. Әуелде 6 минуттан соң, кейін 2 минут өткенде делінген еді. Соңғы ресми дерекке қарағанда арада 12 секунд өткенде ракета апатты жағдайға ұшыраған. Ал ғарышкерлер дереу капсуламен ұшып шығыпты. Апат себебі, ракетаның қапталындағы төрт бөлігінің бірі бөлініп шыққанда екіншісін соғып кеткен. Соның кесірінен әуе кемесі шайқалып кеткен сияқты. Ал ішінде болған «Роскосмос» ғарышкері әрі «Союз МС-10» зымыранының командирі Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хэйг дін аман. Жезқазғаннан шамамен 25 шақырым жерде қонған. Олар ғарышта 50-ден аса биологиялық және медициналық тәжірибелер өткізуі керек болыпты. Қалған бөліктері шамамен Балқаш қаласының маңайына құлауы мүмкін. Оларды қазір іздестіріп жатыр. Ал апаттың табиғатымызға қаншалық зиян келтіргені енді анықталады. Төтенше жағдай комитеті басшысының айтуынша, ғарыш кемесі үшін гептил қолданылмаған.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің төрағасы:

-Мұнда авиациялық керосин мен оттегі қолданылған. Сондықтан, ғарыш кемесі құлады ма, жанармайы жанып кетті ме деген сұрақтарға тек үкіметаралық комиссияның қорытындысынан кейін ғана жауап бере аламыз. Оған екі жақтан да тиісті орындардың өкілдері түгел қатысады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде