Таразда оқ-дәрі саудалаған лейтенант ұсталды
№85-395 әскери бөлімінің қызметкері Калашников автоматының 130 патронын сатқалы жатқан жерінен қолға түскен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
11.10.2018
28 жастағы взвод командирі пайдаға кенелу жолындағы жымысқы әрекетін қаладағы кафенің бірінде жүзеге асырмақ болған. Алайда ойлағаны іске аспай, қылмыс үстінен сау етіп түскен құзырлы орын өкілдеріне ұсталып тынды. Әзірге алымсақтың кім екені, тауарды қайдан, қалай алғаны және оқ-дәрінің әр данасының құны қаншаға бағаланғаны айтылмады. Білдей ведомстваны дауға қалдырған істі қазір әскери тергеу басқармасы өз бақылауына алды. Ал күдіктіні енді ешкім басынан сипамасы анық. Ол 8 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!